АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Экология министрлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы тапсырғандай, бес жылда 2 миллиард ағаш отырғызу мүмкін еместігін мойындады.
Қазақстанның орман қорында ағаштар мен бұталарды отырғызу бағдарламасы 2027 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлады ведомстводағылар.
"Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай орман қоры аумағында 2 миллиард дана көлемінде ағаш-бұта тұқымдас көшет отырғызуды тапсырды. 2021-2024 жылдары республикада барлығы 1,15 миллиард ағаш отырғызылды", - делінген экология министрлігі таратқан хабарламада.
Сондықтан ормандарды қалпына келтіру жоспарлары өзгертіліп, қайта бекітілді, деп хабарлады ведомстводағылар.