АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Абай облысында тәртіп сақшылары соғыс және тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері Семей қаласындағы ардагерлерге арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тіркелген 170 соғыс және тыл ардагерін, сондай-ақ Ленинград блокадасының куәгерін Жеңіс күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
"Салтанатты іс-шара аясында тәртіп сақшылары ардагерлермен жүздесіп, "Стелла" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Соғыс кезіндегі әндерден музыкалық тарту жасап, кешке қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады", - делінген хабарламада.
Ардагерлер қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Шевцов пен Ленинград қоршауының куәгері Клавдия Кошалева сынды майдангерлер бар.
Соғыс ардагерлері бейбіт өмірдің қадірін ұғындырған тарихи кезеңдер туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Қазіргі таңда 1250-ден астам қарияға қызмет көрсетіп отырған орталықтың директоры Дариға Абайқызы ҚАЖД қызметкерлеріне алғыс айтып, мұндай кездесулердің ардагерлер үшін рухани демеу, ал жастар үшін өнегелі сабақ екенін атап өтті.
Бұл – өткенге тағзым, бүгінге құрмет, болашаққа аманаттың жарқын көрінісі
Бұл – өткенге тағзым, бүгінге құрмет, болашаққа аманаттың жарқын көрінісі