АЛМАТЫ, 6 мамыр - Sputnik. Былтырғы қыркүйектен биылғы сәуірге дейін жаңа астықтың 7,6 млн тоннасы экспортталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл — өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ке, яғни 4,8 млн тоннаға көп.
Экспорттың негізгі көлемі:
Өзбекстан — 2,7 млн тонна;
Тәжікстан — 1,1 млн тонна;
Ауғанстан — 270 мың тонна;
Қырғызстан — 181 мың тонна;
Иран — 889 мың тонна;
Әзербайжан— 569 мың тонна астық жеткізілді.