Жамбыл облысында инвесторларға жеңілдік берілмеген

Ірі инвесторлар 1 кВт сағ электр энергиясы үшін 38,44 теңгеден төлеп келген
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында екі бірдей ірі инвесторларға мемлекеттік жеңілдік берілмеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Инвесторлардың құқығын Жамбыл облысының прокурорлары қорғады.
Негізі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңдірушілер электр энергиясының құнын жеңілдетілген бағамен төлеу керек.
"Алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды өңдіруші жобалық құны 2,28 млрд теңгені құрайтын Жамбыл ауданының екі ірі инвесторы электр энергиясы үшін 1 кВт сағ жеңілдетілген 35,85 теңгенің орнына 38,44 теңгеден төлеп келген", - дейді ведомство.
Прокуратураның айтуынша, инвесторлар мемлекет тарапынан көзделген жеңілдіктермен тиісті дәрежеде қамтылмаған.
Заң бұзушылық жойылып, кінәлі мамандар тәртіптік жауапқа тартылды.
Әкімдер мен министрлер инвестор тартпай отыр - Тоқаев