Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Минск Украина бойынша келіссөз жалғасуы үшін бәрін жасауға дайын – Беларусь СІМ

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Беларусь Украинадағы жағдайды реттеу бойынша мазмұнды келіссөз жүргізу үшін бәрін жасауға дайын және оның қатысушысы болуға мүдделі, деп мәлімдеді республика сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Лукашевич.
"Беларусь Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу мәселелері бойынша мазмұнды келіссөздерді жалғастыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын және олардың тікелей қатысушысы болуға мүдделі. Келіссөз үстелінде Беларусьтің дауысы естілуі керек, ал соңғы келісімдерде беларусь тарапының да мүдделері ескерілуі керек", - деді Лукашевич Бразилияның O Mundo Diplomático басылымына берген сұхбатында.
Сұхбат мәтінін Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина бойынша келіссөз туралы: келісімге келуге жақынбыз