Еуразиялық экономикалық комиссияда кедендік транзит мәселесі қаралды

Мамыр айының соңына қарай жұмыс тобының жаңа отырысында кеден мәселесін талқылау жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияа ЕАЭО Кедендік кодексіне енгізілген түзетулер қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде осы мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобы бар. Оған Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов төрағалық етеді.
Негізгі өзгерістер:
ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы контейнерлерді жеңілдетілген тәртіппен өткізу;
кедендік транзит кезінде кедендік рәсімдердің тиімділігін арттыру;
балық өнімдері туралы мәліметтерді өзара алмасу.
Отырыс кезінде өзекті мәселелер бойынша талқылауларды жалғастыруға шешім қабылданды. Ал жұмыс тобының келесі отырысы мамырдың соңында ұйымдастырылады.
Цифрлық шешімдер ЕАЭО кеден бекеттеріндегі кедергілерді жояды – Қырғызстан үкіметі