Жеңістің 80 жылдығы

Алматы облысында 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Майдангер Алым Кебиров Белгород, Киев пен Львов қалаларын азат етуге қатысқан
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Алматы мен Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Алым Кебировті құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алым Кебиров 1944 жылы әскер қатарына алынып, 1-ші Беларусь майданы құрамында жауға қарсы шайқасқан. Белгород, Киев пен Львов қалаларын азат етуге қатысып, жауынгерлік ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.
"Ғасыр асып, 101 жасқа толған майдангерді ұлықтау шарасы оның туған жері – Ұйғыр ауданында ұйымдастырылды. Департамент басшылығы ардагердің шаңырағына арнайы барып, естелік сыйлықтар табыстап, алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Қазыналы қарияның құрметіне шағын шеру ұйымдастырылды.
Жүз бір жастың жүгін көтеріп, соғыстың сұрапыл күндерін көзбен көрген ардагердің бүгінде тек бір тілегі бар – елдегі бейбітшілік мәңгі болсын дейді.
Жеңістің 80 жылдығы
Алматыда ұландықтар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті