Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіске КСРО-ның барлық халқы баға жетпес үлес қосты – Бородавкин

Елші майданға Қазақ КСР-ден миллионнан астам адам аттанғанын еске салды
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Ортақ Ұлы Жеңіске КСРО-ның барлық халқы мен барлық республикасы, соның ішінде Қазақстан да өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Ресей елшілігінің Астанадағы салтанатты қабылдауында айтты.
Елші Ұлы Отан соғысы майдандарында Қазақ КСР-ден миллионнан астам адам шайқасқанын еске салды.
"Біз ұрпағымызға осы батырлар арқылы тарихи туысқандық рухын беруге, халықтарымыздың бірлігін жылдар бойы сақтауға міндеттіміз", - деді Бородавкин.
Сондай-ақ ол Ресей мен оның одақтастары нацистердің мұрагерлеріне қарсы табанды күрес жүргізетінін атап өтті.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа ұшқыштар қалай дайындалып жатыр