АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, бюджет қаражаты есебінен Жеңістің 80 жылдығына орай соғысқа қатысушылар мен жеңісті жақындатқан тыл еңбекерлеріне біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Ресми деректерге сәйкес, облыс аумағында қазіргі таңда ҰОС-қа қатысы бар 4 264 адам тұрады. Бекітілген жоспарға сәйкес:
12 соғыс ардагеріне – 5 млн теңгеден;
190 ардагерге (тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары және майдангер жесірлеріне) – 130 мың теңгеден;
4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төлем беріледі.