АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өндіру көлемі 30 процентке артқан тауарларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін үкімет отандық тауарларға басымдық беру кезінде бірқатар шаралар қолға алған болатын.
"Бұл шешім тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағармайлар өндірісінің өсуін ынталандыруға мүмкіндік берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың шығарылу көлемі 30%-ға артты", — деді Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті. 2030 жылға қарай үкімет шаруаларды отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
"Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады", — деді министр.
Алдағы уақытта карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыш түрлерін шығару жоспары да бар.