Жеңістің 80 жылдығы

Мәскеуде Жеңіс парадына қатысушы жауынгерлер 28 панфиловшы мемориалына гүл шоқтарын қойды

Мәскеуде өтетін парадқа Қазақстан атынан генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлері 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы жауынгерлері қатысады
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеуде өтетін әскери парадқа қатысушы Қазақстан Қарулы күштерінің есептобы, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының жеке құрамы мен Ресей Федерациясындағы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов Ұлы Отан соғысы тарихындағы өшпес ерліктің құрметіне қойылған Волоколамск қаласындағы 28 батыр панфиловшыларға арналған мемориалға барып гүл шоқтарын қойды.
Мәскеуге парадқа барған Қазақстан қарулы күштерінің есептобы 28 панфиловшыға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды
Сонымен қатар Нелидово ауылындағы панфиловшылар жерленген бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті.
Айта кетері, Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне Қазақстан атынан 80 десантшы-жауынгер қатысады
Жеңістің 80 жылдығы
80 десантшы-жауынгер Қазақстан атынан Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады