Жеңістің 80 жылдығы

Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 адам 235 920 теңге біржолғы қаржылай көмекпен қамтылады
Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. ​​ Маңғыстау облысында биыл Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, облыста қазір екі ғана соғыс ардагері бар. Олар - Ольга Заривняк пен Василий Салазкин.
Бұдан бөлек, соғыс кезінде жаралану, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедек болған және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 адам – 60 АЕК мөлшерінде, яғни 235 920 теңге біржолғы қаржылай көмекпен қамтылады.
Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тағы 104 адамға – 50 АЕК яғни, 196 600 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Аталған көмек – ел үшін ерен ерлік көрсеткен ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет пен әлеуметтік қолдаудың нақты көрінісі болады, дейді әкімдіктегіілер.