Жеңістің 80 жылдығы

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған жаппай жарыс өтті

Қашықтық 2,5 шақырымды құрап, жеңімпаздар жас және жыныс категориялары бойынша анықталды
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай "Жұбанов RUN" атты жаппай жарыс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәрбиені дамыту және жастарды қоғамдық белсенді өмірге тарту. Жарысқа еліміздің әртүрлі қалаларынан, соның ішінде Ақтөбе, Алматы, Қостанай және Атыраудан 685 адам қатысты", - делінген хабарламада.
Қашықтық 2,5 шақырымды құрап, жеңімпаздар жас және жыныс категориялары бойынша анықталды. Олар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ барлық желаяқтар арасында бағалы сертификаттар мен сыйлықтарға ұтыс ойыны ойнатылды.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске тарту: Астанада 80 сарбаз әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті