"Бізде Алматы мен қонақтарға арналған қасиетті орын бар - 28 гвардияшы-панфиловшы батырлар паркі. Бүгінгі оқиға өте маңызды. Осыған байланысты біздің сүйікті қаламыздың қосымша таныстыру картасы пайда болды. Әскери техниканың ашық мұражайын құру идеясы бұрыннан болған, игі жақсы азаматтардың күш-жігерінің арқасында біз осындай нәтижені көріп отырмыз. Жағдайға бейжай қарамайтын адамдардың бар болғаны қандай жақсы", - деді Айгүл Байқадамова.
"Бұл мұражай замандастарға соғыс уақыты туралы көрнекі естелік болып табылады, онда қанды майдандағы Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды жауынгерлердің ерлігі көрсетілген", – деді Жазықбаев.
"Әскери-патриоттық тәрбие туралы көп айтуға болады, бірақ қару-жарақ, техниканың толық күшін көрсетпей, әсер етпеуі мүмкін. Бұл жауынгерлік техника Ұлы Отан соғысында фашизмді жеңуге үлкен септігін тигізді. Менің ойымша, бұл жерге көптеген ұл қыздар міндетті түрде келіп көреді", - деді Владимир Бондаренко.