АЛМАТЫ, 5 мамыр - Sputnik. Алматы әуежайында техникалық ақаулық салдарынан ішкі рейстер кешікті, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
5 мамырда Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесінде жолаушылар топталып кетті.
"Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шаралар жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады", - дейді ведомство.
Әуежай қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолаушылардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, деді әуежай баспасөз қызметі.