"My Freighter" өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен ұшады
Sputnik
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстанның "My Freighter" (Centrum Air) әуе компаниясы шығады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Ақтөбе әуежайынан Орал мен Ташкентке рейстер орындалады