АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Биыл Қазақстанда кибершабуылға қатысты 30 мың қылмыс тіркелді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды Ranking.kz.
Кибершабуылдардың ең көп саны ботнетке қатысты болды: 17,6 мың оқиға тіркелді. Былтыр 1,7 мың болған.
Әсіресе компьютерлік вирустарға қатысты қылмыстық факті жиі болған. Интернеттегі фишингтік шабуылдар 37,2%-ке, 2 мыңға дейін өсті.
Сонымен қатар компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызметтердің, сондай-ақ консультациялық және басқа да ілеспе қызметтердің көлемі 2024 жылғы қаңтар — желтоқсанда 1,5 трлн теңгеге жетті. Ал биыл 36,3%-ке артты.
Бұл қызмет әсіресе Алматы мен Астанада көп көрсетілді. Одан кейін Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді.