Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Бітімге Ресей мен Украина ғана қол жеткізе алады – Вэнс

Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресей мен Украина бір-бірінің шарттарын білетінін және бейбіт келісімге қол жеткізу Мәскеу мен Киевке байланысты екенін айтты.

"Кейінгі бірнеше аптада біз екі тараптың да бітімгершілікке қол жеткізуге қатысты ұсынысын естідік. Енді қақтығысты тоқтату үшін екі тарап ортақ тіл табыса ала ма деген мәселе тұр", - деді Вэнс Fox News-ке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бәрі Ресей мен Украинаға байланысты.
"Олар соңғы қадамдарды жасауы керек", - деген Вэнс жағдайды тек Мәскеу мен Киев шеше алатынын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ алдағы 100 күнде Украина бойынша тікелей келіссөз жүргізуге ниетті