Ұзындығы – 1 700 метр: Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды

50-ден астам аспаз бен аудан тұрғыны 19 кг ұннан қамыр иледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ұзындығы 1704 метр болатын лағман дайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды
Рекорд Қазақстанның рекордтар кітабында ресми түрде тіркелді.
Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды
50-ден астам аспаз бен аудан тұрғыны 19 кг ұннан қамыр илеп, екі сағат ішінде ерекше тағам дайындады. Оған қазақтар ғана емес, әр түрлі этностың өкілдері – ұйғырлар, дүнгендер, корейлер, өзбектер қатысты.
1 / 3

Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды

2 / 3

Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды

3 / 3

Алматыда лағман созудан рекорд орнатылды

"Мұндай лағман ел тарихында алғаш рет дайындалды. Біз ұзындығын ғана емес, бірліктің күшін де тіркейміз", - деп атап өтті Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі.
Лағман гастрономиялық рекордқа ғана емес, достық пен келісімнің нағыз символына айналды. Мерекені Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары ұйымдастырды.