АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстанда инвесторлық визаны алу қағидалары бекітілді. сыртқы істер министрлігі оны "алтын виза" деп атады.
"Жаңа талаптарға сәйкес, Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық визаны ресімдеу үшін электронды өтініш бере алады. Бұл "алтын виза" Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді", - делінген ресми хабарламада.
Мұндай визалық бағдарламалар Еуропа, АҚШ, БАӘ және Сингапурда кеңінен қолданылады. Қазақстан да капиталды қорғауға және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған бастаманы қолға алды.
Бүгінде "алтын визаға" қатысы құжат рәсімделді. Ал 10 күннен кейін заңды күшіне енеді. Сол кезде инвесторлар өтініш жібере алады.