Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ алдағы 100 күнде Украина бойынша тікелей келіссөз жүргізуге ниетті

Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. АҚШ алдағы жүз күнде Украинадағы қақтығыс тараптары арасында тікелей келіссөзді бастауға ниетті, деді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox телеарнасына берген сұхбатында.
"Бізде бірінші қадам – бейбіт ұсыныс енгізу. Алдағы 100 күн ішінде біз тараптарды келіссөз үстеліне отырғызу үшін көп жұмыс атқарамыз", - деді ол.
Вэнстің айтуынша тіпті АҚШ президенті Дональд Трампты сынайтын еуропалық одақтастар да бұл процесті бастау оның ғана қолынан келгенін мойындайды.
"Бұл екі тарап тіпті бір-бірімен де, басқалармен де сөйлеспеді. Олар тек соғысты. Президент қана істі алға жылжыта алды", - деп есептейді АҚШ вице-президенті.
Осы аптаның басында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тікелей келіссөздерге дайын екендігі туралы сигнал Киевтен келуі керектігін, бірақ Мәскеу әзірге ешқандай іс-әрекетті көрмегенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол Владимир Путин Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофпен кездесуінде Украинамен алдын ала шартсыз келіссөз жүргізуге дайын екенін растағанын хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Германия Ресейді толық бітімге келуге шақырды