Жеңістің 80 жылдығы

Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа ұшқыштар қалай дайындалып жатыр

Парадқа ондаған әскери ұшақ қатысады
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысатын Талдықорған мен Шымкент қалаларының әскери ұшқыштары шеберлігін шыңдап жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Олар екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганский атындағы 604-ші авиация базасында күн сайын дайындалуда.
Ұшқыштар Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатыр
Көп мақсатты Су-30СМ жойғышымен экипаждар ұшып-қонып, жоғары пилотаж элементтерін орындауды пысықтап жатыр, бұл іс-қимыл барынша дәл және үйлесімді әрекетті қажет етеді.
Ұшқыштар Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатыр
"Жеңіс шеруіне Талдықорған мен Шымкенттен 12 ұшақ, 24 ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның 150-ге жуық маманы қатысады. Әуе шоуына қатысу үшін қатаң іріктеуден және арнайы дайындықтан өткен кіл мықты ұшқыштар таңдалды", – деді 21751 әскери бөлімінің командирі полковник Әбдімәжит Жанахметов.
1 / 10

Ұшқыштар Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатыр

2 / 10

3 / 10

4 / 10

5 / 10

6 / 10

7 / 10

8 / 10

9 / 10

10 / 10

Ұшқыштар Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатыр

Авиациялық база басшылығының мәліметі бойынша дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Жаттығу барысында ұшу бағдарламасының барлық элементі мұқият пысықталады.