Тоқаев пен Люксембург премьері энергетика саласындағы кооперация мәселесін талқылады

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Тоқаев пен Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Тоқаев Люксембургтің сыртқы істер министрін қабылдады