Жеңістің 80 жылдығы

Кеңес Одағының халықтары Жеңіске орасан зор үлес қосты - Путин

Путин " Знание. Первые" марафонында сөз сөйледі
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Кеңес Одағының халықтары Жеңіске орасан зор үлес қосты, деді Ресей президенті Владимир Путин " Знание. Первые" марафонында.
Президент Владимир Путин встретился с участниками марафона "Знание.Первые"
Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
"Біз әрқашан баса айтамыз өтеміз, бұл шындық, Кеңес Одағының халықтары орасан зор үлес қосты, ешкім аянып қалмады, барлығы ортақ Жеңіске жету жолында еңбек етті", - деді Путин.
Президент Владимир Путин встретился с участниками марафона "Знание.Первые"
Ресей президенті бұл жеңіс халықтың жеңісі екенін атап өтті. Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді болашақ ұрпаққа жеткізу үшін заманауи мүмкіндіктерді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
"Осы ақпаратты, кешегі шындықты, Ұлы Отан соғысы мен оның қаһармандары туралы бүгінгі және ертеңгі тарихты жеткізу үшін заманауи мүмкіндіктерді пайдалану өте маңызды", - деді Путин марафонға қатысушылармен кездесуде.
Өткен тарихтың ерліктері туралы ақпарат шынайы және өткір түрде берілуі керек, деді президент. Өткен онжылдықтарда және өткен жылдардағы оқиғаларды жеткізу керек екенін айтты Путин.