Жеңістің 80 жылдығы

9 мамырда Алматыда "Мәңгілік даңқ" шеруі өтеді

Алматылықтар "Мәңгілік даңқ" шеруіне Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттерімен шыға алады
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. 9 мамырда Алматыда "Мәңгілік даңқ" шеруі өтеді.
Сағат 10:00-де шеруге қатысушылар орталық саябақтан Гоголь көшесімен (бұрынғы Горький саябағы) жүріп өтіп, Зенков көшесіне жетеді. Содан кейін 28 панфиловшылар саябағына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.
"Батырларға тағзым" акциясы Алматы әкімдігімен келісілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне "Ауғанстан ардагерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Абдушукуров.
Ответ управления общественного развития Алматы на обращение ОО "Союз ветеранов Афганистана"
Алматылықтар Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттерімен шыға алады.
"Бұл біздің жастардың өз елі үшін жауапты екенін түсінуі үшін керек. Сондықтан менің ойымша, бұл шараны заңды түрде бекіту керек. Мұндай акция болуы қажет", - деді ол.
"Мәңгілік даңқ" - бұл 2012 жылы Ресейде дүниеге келген қоғамдық бастама. Ол Ұлы Отан соғысының майдангерлерін құрметтеудің тағы бір тәсілі ретінде пайда болды.
Акцияның мәні – адамдар көшеге соғысқа қатысушы туыстарының портреттерімен шығуында. Идея тез таралып, ондаған елді қамтитын халықаралық сипатқа ие болды.
Қазақстандағы "Мәңгілік даңқ" қозғалысы 2013 жылы Ресейде құрылғаннан бір жыл өткен соң басталды. Акция әу бастан кең қолдау тапты. Алматы, Астана, Шымкент, Петропавл және басқа қалаларда мыңдаған адам туыстарының портреттерімен көшеге шықты.
"Мәңгілік даңқ – онлайн" шеруі қалай өтеді