Жеңістің 80 жылдығы

80 жыл бұрын Рейхстагқа Қызыл ту тігілді

1945 жыл 30 сәуірде жауынгерлер Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа ту тікті
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір-Sputnik. 80 жыл бұрын 30 сәуірде жауынгерлер Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа қызыл ту тікті.
Ресей қорғаныс министрлігінде маңызды және есте қаларлық күн еске алынды.
Рейхстаг үшін шайқас 28 сәуірде басталды, фашистер оны қарсыласу түйініне айналдырды.
Рейхстагқа шабуыл қарсаңында Қызыл әскер Қошқарбаев пен Булатов Гиммлердің үйінен 500 метр жерде болған. Кеңестік жауынгерлерге бұл қашықтықты еңсеру үшін жеті сағат қажет болды. Олардың қолында қарапайым қолдан жасалған қызыл жалауша болған.
Бұл оқиғаны Рақымжан Қошқарбаевтың өзі былай деп есіне алған:

"Арт-дайындық басталды, оның алғашқы соққыларымен біз (Болатовпен бірге) Рейхстагқа қарай жүгірдік. Мен Булатовты аяғынан ұстап көтердім, сол жерде екінші қабатта туды орнаттық", - деп еске алды Қошқарбаев.

150-ші дивизияның жауынгерлік іс-қимыл журналына сәйкес, 14:25-те Қошқарбаев пен Булатов "ғимараттың орталық бөлігіне қарай жылжып, негізгі кіреберістің баспалдақтарына қызыл жалау қойды". Бұл Рейхстаг ғимаратында кеңестік азат етуші жауынгерлердің тіккен алғашқы туы болды.
Рейхстагты алу кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов Қызыл ту ордендерімен марапатталды. Қошқарбаевтың ескерткіштері Отаны Ақмола облысында және Астанада, ал Болатовтың ескерткіштері Киров қаласында орнатылды.
Рейхстагқа ту тіккен: Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді