АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың 30 сәуірінде телерадио хабарларын таратудың тоқтатылатыны туралы ескертті.
"2025 жылғы 30 сәуірде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіріп, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз",- делінген ақпаратта.
Министрліктің мәліметінше, үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.