Елімізде ақылы жол абонементтері қанша тұрады

Жеңіл автомобильдер үшін жылдық құны – 3 932 теңге
Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір - Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Қазақстандағы ақылы жолдармен жүруге арналған абонементтердің құны туралы айтты.
Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін айлық және жылдық абонемент қарастырылған. Мысалы, жеңіл автомобильдер үшін жылдық құны 1 АЕК немесе 3 932 теңге.
"Автобустар мен жүк автомобильдеріне айлық және жылдық абонемент жүк көтергіштігіне байланысты", - деді Дархан Иманашев.
Бұл жеңілдікті алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет, деп атап өтті компания.
Биылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша елде ұзындығы 4100 шақырым 21 ақылы жол учаскесі бар.
Ақылы жолдардан түскен қаржы қайда жұмсалады