Жеңістің 80 жылдығы

Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа әскерилердің әзірлігі қалай

Парадқа 4000-нан астам әскери қызметші, 200-дің үстінде қару-жарақ пен әскери техника тартылған
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аяқталуға жақын, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық
Индустриалды қалашықта қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бөлімшелер мен техникалық экипаждардың дайындығын тексеріп, жүргізушілердің шеберлігі мен қажетті маневрлерді орындай білуін бағалады.
"Жеке құрам салтанатты шеруге дайын. Күніне кемінде төрт сағаттық жаттығулар өтеді. Күнделікті жаттығулар - парадтық есептоптардың үйлесімділігі мен салтанатты шеруге қатысуға әзірліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алды. Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқына әскеріміздің қауқары мен күш-қуатын көрсету", – деді құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Тілек Серікбаев.
Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық
Әскери шеру 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні, "Қазақ елі" монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 200-дің үстінде қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Шерудің әуе бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты қатысады.
3 және 5 мамыр күндері жаяу есептоптардың, әскери техника мен авиацияның қатысуымен басты жаттығуларды өткізу жоспарланған.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Астанада өтетін парадқа әскери әуе күштерінің армиялық авиациясы келді