Тоқаев ОАР халқын Бостандық күнімен құттықтады

Президент ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.
Тоқаев портта болған қайғылы оқиғаға байланысты Иран президентіне көңіл айтты