АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Путинге Курск облысындағы украиналық қарулы құрылымдарды талқандаудың аяқталғаны туралы баяндады.
Президент Путин неонацистік топтарды талқандауға қатысқан әскери бөлімдердің жеке құрамын құттықтап, алғыс білдірді.
"Киевтік режимнің авантюрасы толығымен сәтсіздікке тап болды. Олардың соғысқа қабілетті бастыс техникалары, Украина Қарулы Күштері және шабуылдаушы бөлімшелері, арнайы жасақтары үлкен шығынға ұшырады", - деді Путин.
Курск шекаралық ауданында қарсы тарапты толық талқандауы әскерлердің майданның басқа да маңызды аудандарында одан әрі табысты іс-қимылдарына жағдай жасайды және неонацистік режимнің жеңілісін жақындатады, деп жалғастырды ол.
"Барлық жеке құрамды, жауынгерлер мен командирлерді осы табысымен, жеңісімен құттықтаймын. Сіздерге көрсеткен батылдықтарыңыз үшін, ерліктеріңіз үшін, Отанымыз бен Ресей халқына қызмет еткендеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Путин.
Курск шекара аймағындағы ұрыс кезінде Украина қарулы күштері кемінде 75 мың сарбазынан және 400-ден астам танкісінен айырылды.
Курск шекара аймағындағы ұрыс кезінде Украина қарулы күштері кемінде 75 мың сарбазынан және 400-ден астам танкісінен айырылды.