Бангкокта Азия чемпионаты басталды – Қазақстан екі медаль ұтып алды

Дзюдодан Азия чемпионаты 28 сәуірге дейін жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Бүгін Тайланд астанасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан спортшылары алғашқы күні бірден екі медаль ұтып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Бангкокта Азия чемпионаты басталды – Қазақстан екі медаль ұтып алды
48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева төрт белдесудің үшеуінде жеңіске жетіп, жартылай финалда жапониялық Хикари Иошиокаға есе жіберіп қойды. Бірақ жұбаныш финалында белдесуге мүмкіндік алды.
Осылайша, тайпейлік Чен Хао Линнен басым түсіп, қола медаль жеңіп алды.
Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов қола үшін күресте өзбекстандық Бахром Батуровты сан соқтырды.
Айта кетері, дзюдодан Азия чемпионаты 28 сәуірге дейін жалғасады.
Еркін күрестен Азия чемпионаты: қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды