АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлері 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының 80 әскери қызметшісі Мәскеудегі әскери парадта еліміздің Қарулы күштерінің атынан қатысады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Бұған дейін хабарланғандай, Ресей 20-дан астам мемлекет пен үкімет басшыларын Жеңіс парадында күтеді.
Десантшылар жуық арада Мәскеуге аттанады.