Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ОАР Украинадағы қақтығысқа қатысушы тараптарды атысты тоқтатуға шақырады

Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасы Украинадағы қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзді бастауға мүмкіндік беру үшін атысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы ел президенті Сирил Рамафоса мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз барлық тарапты, Ресейді де, Украинаны да, талқылаулар мен келіссөзді бастау үшін атысты тоқтатуға шақырамыз", - деді Рамафоса Оңтүстік Африкада Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Рамафосаның айтуынша ОАР атысты тоқтатуға қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдайды.
Сейсенбі күні Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс болған кездесуде Еуропа елдері мен Украинаға Қырымды ресейлік деп тануды, оның орнына Киевтің одақтастарына Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік алуды ұсынбақ болғанын атап өтті.
Трамп сәрсенбіде Владимир Зеленскийге қарсы сөйлеп, оның Қырымға қатысты пікірі Ресеймен бейбіт келіссөзге нұқсан келтіретінін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын – Песков