"Әйел газды қосып, жұмысқа кеткен. Газ пешінің оты өшіп қалған. Кешке жұмыстан келіп, есікті ашса, балалар жатыр дейді. Келіншек жақсы, нашар қылығы жоқ, ішпейді, қыдырмайды, бөтен қылығын көрген емеспіз", - дейді көршісі Гүлмира.
"Жалпы бұл үйдің өзі нашар. Бұған дейін бұл үйде үй иесінің үш және алты жастағы екі баласы қайтыс болған. Үш жасар қыз уланды дейді, мүмкін ойнап жүріп жаман нәрсе жеп қойды ма екен. Сосын осы үй иесінің 6 жастағы баласы да аяқасты ауырып қайтыс болған. Үйдің өзі дұрыс болмай тұр, осымен бұл үйде бес бала қайтыс болды", - дейді көршілері.
"Менің жиенім әйелге жаны ашып, үйде тегін тұра бер деді. Өзі көшіп кеткен. Келіншек үш баланы бағу үшін екі дәмхана мен тағы бір жерде жұмыс істеді. Үлкен қызына балаларды қаратып қоятын. Естуімізше, әкесі үш баланы кезінде өзі алып алмақ болған, бірақ әйел бермеген. Бұған дейін туыстарың бар ма деп сұрағанда, әйел ешкімім жоқ деген. Оқиғадан кейін туыстары бары белгілі болды. Жалпы өзі ешкіммен араласпайтын, томаға тұйық адам", - дейді үй иесінің ағасы Инглап Жамалов.