Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи Отанымен қауышты

Қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Жыл басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.
Биыл келгендердің тең жартысы Қытай жерінен келген қазақтар. Одан кейін Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолиядан көп қоныс аударған. Арасында ресейлік қазақтар да бар.
Қоныс аударғандардың 60%-і еңбекке жарамды.Олардың 17,9%-і жоғары білімді, 27,8%-нің орта кәсіби білімі бар. Ал білімі жоқтар 1,4%.
Қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.
Қазақстан аймақтары 2025 жылы қанша қандас қабылдайды