АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Астанада Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында күндізгі уақытта 6 жасар бала жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полицияның алдын ала мәліметі бойынша Dongfeng маркалы жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласына өтіп бара жатқанда, велосипед теуіп келе жатқан алты жасар баланы қағып өткен.
Бала ауруханаға жеткізілген. Бірақ ол алған жарақатынан көз жұмды.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Алматыда 7 жасар баланы көлік қағып кеткені хабарланған болатын.