Жамбыл облысында қуаты екі ірі жел электр станциясы салынады

Олардың жалпы қуаты - 2 ГВт
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында жалпы қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады.
Жамбыл облысында жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істеуде. Оның ішінде 6 су электр станциясы, 10 жел электр станциясы және 6 күн электр станциясы бар.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте осы жобалардың құны мен инвесторлар кім екені айтылды.
Атап айтқанда, Masdar (БАӘ) компаниясы Сарысу және Талас аудандарында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салады. Жоба құны – 742 млрд теңге. Компания құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастап, 2029 жылы іске қосуды көздеп отыр.
Ал "Total Eren" ЖШС Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысын жүргізеді. Жобаға 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазіргі таңда серіктестікке 52 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жаңартылатын энергия көзі 2028 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жамбыл облысында жел электр станциясын салуға 1,4 млрд доллар инвестиция салынады