Ыстанбұлда жер сілкінді – видео

Зілзала эпицентрі Силиври қаласынан 26 шақырым шалғай жерде Мәрмәр теңізінде тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Түркияда магнитудасы 6.2-ге жеткен жер сілкінісі болды. Ыстанбұл халқы дүрлігіп кетті. Ал тележурналистер тура сол кезде тікелей эфирде болған.
Жерасты дүмпуі шамамен 10 секундқа жалғасты. Қала халқы дүрлігіп, көшеге шығып кетті.
Сейсмологтар бүгінгі дүмпулерден кейін бұдан да қатты жер сілкінісі болуы мүмкін деп отыр.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, алдымен Силиври жағалауында магнитудасы 3,9, одан кейін магнитудасы 6.2-ге жеткен жер сілкінісі болды. Ал эпицентрі Силиври қаласынан 26 шақырым шалғай жерде Мәрмәр теңізінде тіркелді. Артынан Ыстанбұлдың бірнеше ауданында магнитудасы 5,0 мен 5,3 болған тағы екі дүмпу сезілді.
Әзірше қайтыс болғандар мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.
Айта кетері, 2023 жылғы жер сілкінісінен кейін Түркияның Конституциялық соты арнайы қаулы қабылдады. Оған сәйкес, құрылыс нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігіне құрылысшылар ғана емес, оны қабылдаған мемлекеттік органдар да жауапты.