АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты ел премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Лаңкестер атпен серуендеп жүрген туристерге шабуыл жасап, салдарынан 26 адам қаза тауып, 13-і жараланды.
Қайтыс болғандардың арасында екі шетел азамат бар екені анықталды: олар БАӘ және Непал тұрғындары болған.