Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бүгінгі Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", – делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Елімізде ұлттық кітап күні тойланады