Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина бейбіт бастамаға келіспесе, АҚШ келіссөз процесінен шығады – Вэнс

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресей мен Украина АҚШ-тың қақтығысты тоқтату бастамасымен келіспесе, Америка келіссөз процесінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлады Блумберг агенттігі.
"Вице-президент Джей Ди Вэнс АҚШ бейбіт келісім жасау жолында Ресей мен Украинаға "өте нақты ұсыныс" жасағанын алға тарта отырып, олар енді келісімге келмесе, АҚШ-тың бұл процестен шығатынын мәлімдеді", - деп жазды агенттік.
Вэнс келіссөз барысында кейбір аумақтарды алмасу керектігін атап өтті. Сонымен бірге осы уақытқа дейін барлық тарап келіссөзді адал жүргізгенін айтып, мәселе шешімін табатынына үміт білдірді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Мәскеу Вэнстің "АҚШ Украина бойынша келіссөз процесінен шығуы мүмкін" деген сөзін Вашингтонның ультиматумы деп санамайды. Ол АҚШ делдалдық әрекетін жалғастырып жатқанын және Ресей мұны құптайтынын атап өтті. Сонымен қатар Мәскеу мен Вашингтон екіжақты байланыстарды жалғастыруда.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын – Песков