Жеңістің 80 жылдығы

Қостанайда билбордтар мен аялдамаларға батырлардың портреті ілінді

Қоғамдық көліктер де аты аңызға айналған батырлардың суреттерімен безендірілген
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қостанай қаласындағы билбордтарға, автобустар мен аялдамаларға Ұлы Отан соғысы батырларының портреті ілінді.
Олар аты аңызға айналған қазақтар:
Бауыржан Момышұлы;
Әлия Молдағұлова;
Рақымжан Қошқарбаев;
Талғат Бегелдинов.
Сондай-ақ қала әкімдігі Қостанай облысынан шыққан батырлардың портретін ілді:
екі мәрте Кеңес Одағының батыры Леонид Беда;
Иван Павлов;
Сұлтан Баймағамбетов;
Илья Сьянов;
Сейітхан ​​Темірбаев.
Портреттердің жанында QR код бар. Оған өту арқылы соғыс қаһармандарының толық тізімі орналастырылған сайтқа кіріп, олардың өмірбаяны мен майдандағы ерлігі туралы білуге болады.
31 қостанайлық Кеңес Одағының батыры атағын алды, оның екеуі екі мәрте марапатталған. Тағы тоғыз майдангер Даңқ орденінің толық кавалері атанды.