АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Владимир Зеленский өзінің Telegram каналында Украина, АҚШ, Франция және Ұлыбритания өкілдері қатысатын келіссөз Лондонда сәрсенбі күні өтетінін мәлімдеді.
"Сәрсенбі күні біздің өкілдер Лондонда жұмыс істейді. Украина, Ұлыбритания, Франция, Америка Құрама Штаттары. Біз атысты тоқтатып, бейбітшілік орнатуға қол жеткізу үшін барынша сындарлы түрде алға жылжуға дайынбыз", - деп жазды Украина басшысы.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 18 сәуірде Еуропа және Киев өкілдерінің келесі кездесуінде Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты "нақтырақ" жауап алынады деп үміттенетінін жеткізді.
New York Post газеті АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасай отырып, батыс елдері атысты тоқтату келісімінің параметрлерін келесі аптада Лондонда келісуге ниетті екенін жазды.