АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғалды, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.
Қадағалау органы талдау барысында еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтарын анықтады.
"Еңбек кодексінің талаптарына қайшы, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінен зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты еңбек қатынасын тоқтатқан 295 қызметкерге 37,6 млн теңге көлемінде өтемақы төлемдері берілмеген", - деп жазады хабарламада.
Бұдан басқа Есіл, Ғ.Мүсірепов, Тайынша аудандарында 37 мұғалімге біліктілігін арттыру курстарынан өткені үшін 4,3 млн теңге көлемінде іссапар шығындары төленбеген.
"Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 25 қызметкерге 4,9 млн теңге көлемінде төлем жасалды. Қалған қызметкерлер бойынша жұмыс жалғасуда", - дейді өңір прокуратурасы.
Прокуратура органдарымен жыл басынан бері 329 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды.