Үйленген қазақстандықтардың жартысы ажырасып кеткен

Былтыр 124 774 неке тіркелген болатын
Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ажырасу жағдайлары көбейіп кетті. Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде алимент төлемейтін борышкерлерге қатысты әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да қолданылады. Мәселен, былтыр 4 642 адам әкімшілік жауапқа, ал 391 борышкердің қылмыстық жазаға тартылды.
"Алайда бұл шараларды қабылдау алимент төлемеу мәселесін толығымен шешпейді деп санаймыз. Балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару – отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдары. Бұған өткен жылы тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш дәлел. Бұл неке қию санының жартысына жуығын құрады", - деді Сәрсенбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Айта кетері, былтыр 124 774 неке тіркелген болатын.
Қазақстанда 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркелген