Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп осы аптада Ресей мен Украина келісімге келеді деп үміттенеді

Трамп соғыс тоқтайды деген үмітін айтты
Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Ресей мен Украина келісімге келетініне үміттенеді. Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Риа Новости.
"Осы аптада Ресей мен Украина келісімге келеді деп үміттенемін", - деп мәлімдеді ол.
Осыдан кейін екі ел АҚШ-пен ірі бизнес жүргізіп, өркендеп, байлыққа кенелетінін айтты.

Бейбітшілікке қол жеткізу мәселесі

18 наурызда Трамппен әңгімесінде президент Владимир Путин қақтығыс тараптарының 30 күн бойы энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдан бас тарту идеясына оң жауап беріп, әскерилерге осындай бұйрық берді. Владимир Зеленский де Киев билігі бұл ұсынысты қолдайтынына уәде берді.
24 наурызда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ-тың техникалық командаларының сарапшылық кездесуі өтті. Кездесуде тараптар Ресей мен Украинаның энергетикалық нысандарына жасалған шабуылдарға уақытша мораторий жариялау туралы келісті.
Енді оның мерзімі аяқталды. Бірақ Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков атап өткендей, Киев іс жүзінде қол жеткізілген келісімге қосылмады. Украина қарулы күштері ресейлік энергетикалық нысандарға шабуыл жасауды жалғастыра берді.
Президенттің баспасөз хатшысы Путиннің бұл мәселе бойынша басқа нұсқаулар бермегенін және уақытша мораторийге байланысты Украина бойынша келіссөздерде біршама ілгерілеушілік бар екенін түсіндірді. Дегенмен алда әлі көптеген талқылаулар бар, деп қосты Песков.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысын шешудің келешегі туралы айтты