АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді, деп хабарлады Ақорда.
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.