Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады
Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
"Қазақстан президенті мен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды", - деп жазылған хабарламада.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Тоқаев Түрікменстан Халк маслахатының төрағасын Түркістан әуежайынан қарсы алды