АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы үш елдегі елшіні тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ғабит Қойшыбаевты Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды
Сонымен Тоқаевтың жарлығымен:
Алмас Сейтақынов Қазақстанның Моңғолиядағы;
Сергей Викторов Қазақстанның Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы;
Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Сүлейменов Қазақстанның Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.